2025 жылдың 13 қаңтарында мектебімізде «Мектеп парламентінің қызметі мектепте өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыру» тақырыбында мектеп Парламентінің кезекті отырысы өтті.
Кездесуге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
1) 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмысты қорытындылау (сыныптық бағалау).
2) Мектеп парламентінің 2024-2025 оқу жылының 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспары.
Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исраилов Р. Д. сөз сөйлеп, бірінші жартыжылдықтағы іс-шаралардың қорытындыларымен таныстырып, 2024-2025 оқу жылының 3 тоқсанына жоспарланған жобаларды, тапсырмаларды, іс-шараларды жариялады. Екінші мәселе бойынша Мектеп парламентінің президенті Мария Карпова сөз сөйлеп, оқушыларды Мектеп парламентінің 3 тоқсанға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Мектеп парламентінің отырысының қорытындысы бойынша балалар практикалық материалмен, мектеп парламенті қызметінің жаңартылған құрылымымен, өзара әрекеттесу механизмдерімен танысып, мектебімізде мектептің өзін-өзі басқаруын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірледі.




Пікір жоқ
111 қаралды
Санаты: Информация
Авторы: b17auezova
Қосылды: 14.01.2025 в 12:05
Директор блогы

Іс-шаралар
Бракераж комиссияның отырысы
20.01.2025 в 12:15 0 83
1 "Г" сыныптағы әріптермен қоштасу
17.01.2025 в 18:02 0 92
Менің өлкемнің этнографиясына саяхат
17.01.2025 в 17:38 0 73
Біздің мектептің мақтанышы - Буракова София!
17.01.2025 в 16:27 0 73
9-11 сыныптарға арналған тәртіп сағаты: «Ел заңдары: Біл және орында»
16.01.2025 в 19:41 0 95